«Трактор мен Трактортай» — бүлдіршіндерге арналған көліктер әлемі туралы қызықты танымдық кітап. Трактортай кішкентай кейіпкер әкесімен бірге саяхатқа шығып, қалалық тазалау машинасы, қоқыс тасығыш, сәнді лимузин, жол талғамайтын көлік және ауыл шаруашылығы жүк көліктерінің атқаратын маңызды қызметімен танысады. Жан біткен көліктер мен жарқын суреттер баланың танымын кеңейтіп, оқуды қызықты саяхатқа айналдырады.