«Пицца пісірейік!» (Cocobook) — 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған жылжымалы бөлшектері бар интерактивті кітап-ойын. Бала өз қолымен қамыр илеп, қызанақ жуып, пиццаны тұмшапешке салып, өзін нағыз аспаз ретінде сезінеді. Кітап күнделікті тұрмыстық машықтарды, логиканы, сөйлеу тілі мен ұсақ моториканы дамытады. Қалың картоннан жасалған, суреттері жарқын әрі баланың назарын бірден баурап алады.