«Тілашар. Былдыр буын» (Cocobook) — тілі жаңа шығып келе жатқан бүлдіршіндердің буындарды дұрыс айтуы мен сөздік қорын байытуға арналған танымдық картон кітап. Ішінде күнделікті таныс тақырыптарға жазылған 14 көңілді ұйқасты қос тармақ тақпақ пен әдемі суреттер бар. Ықшам форматтағы кітап қалың картоннан жасалған, жиектері қауіпсіз жұмырланған әрі баланың жадын, зейінін ойын түрінде дамытады.