Екі ойыншыға арналған тактикалық және логикалық ойлауды шыңдайтын қызықты үстел ойыны («Төртін қатар жина» стилінде). Ойыншылар кезек-кезек өз фишкаларын арнайы тік тұрған торлы алаңға жоғарыдан тастайды. Ойынның басты мақсаты — карточкадағы өрнекті бірінші болып құрастыру немесе бір түсті фишкалардан тігінен, көлденеңінен немесе диоганалынан қатар жинап, қарсыластың қадамын бұғаттау.
Стратегиялық және логикалық ойлау: әрбір қадамды алдын ала есептеу, қарсыластың жүрісін болжау және комбинация құру қабілетін дамытады.
Кеңістіктік бағдар мен зейін: тік жазықтықтағы фишкалардың орналасуын қадағалау арқылы көру зейіні мен шоғырлануды арттырады.
Динамикалық бәсеке: ойын қысқа әрі өте тартысты раундтардан тұрады, балалар арасында да, ата-анамен бірге ойнауға да өте қызықты.
Сапалы жиынтық: жинақы тік тұғыр, түрлі-түсті берік фишкалар, арнайы тапсырма карточкалары және фишкаларды сақтауға арналған ыңғайлы мата қапшықпен жабдықталған.