Балабақшаларға, ерте даму және нейрокоррекция орталықтарына, сондай-ақ үйдегі белсенді жаттығуларға арналған әмбебап спорттық кешен. Жиынтықтағы конустар, бағандар, шеңберлер, алақан-табан іздері мен қысқыштар арқылы сан алуан күрделіліктегі кедергілер жолағын (полоса препятствий), секіру лабиринттерін және спорттық эстафета алаңдарын құрастыруға болады.
Нейродинамика және дене координациясы: екі ми сыңарының үйлесімді жұмысын, вестибулярлық аппаратты, тепе-теңдікті және кеңістікте бағдарлануды жетілдіреді.
114 бөлшекті бай жиынтық: конустар, түрлі өлшемдегі шеңберлер (кольца), гимнастикалық таяқшалар, геометриялық пішіндер, бекіткіштер және сенсорлық іздерді қамтиды.
Модульді конструкторлық құрылым: бөлшектерді бір-бірімен оңай жалғап, секіру барьерлерін, слалом трассаларын немесе лабиринттерді жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.
Ыңғайлы сақтау сөмкесі: барлық құралдарды жинап сақтауға және алып жүруге арналған арнайы сыйымды сөмкесі бар.